30 мамыр күні Ақтау қаласында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Акция аясында заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар халыққа ақысыз заңгерлік көмек көрсетеді. Сонымен қатар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері азаматтарды қабылдайды. Кез келген азамат қажетті заңгерлік кеңес, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінен өзіне қажетті мәселелер бойынша түсініктеме ала алады.
Акцияның өтетін жері: Ақтау қаласы, 4 ш/а «Абай» атындағы МДК., басталуы сағат 15.00.